Журналистерге арналған сауалнама

Журналистерге арналған сауалнама

Өкінішке қарай, әйелдердің көпшілігі жыныстық бопсалаудың қандай да бір түрін басынан өткізген және ол үнемі жабық күйде қалады. Қазақстанда әйелдер мен қыздарды бопсалау тақырыбының сезімталдығы қоғамдағы кемсітушілік пен бопсалауды жиі ақтайтын дәстүрлі алалаушылықпен үдей түседі.

MediaNet халықаралық журналистика орталығы «Әйелдер мен қыздарды жыныстық бопсалауға жол бермейтін және төзбейтін қоғамдық сана қалыптастыру» ақпараттық кампаниясын бастайды.

Жоба аясында Қазақстандағы жыныстық бопсалау жағдайларын тарату және ақпараттандыру мақсатында журналистерге қазақ және орыс тілдерінде онлайн-тренинг ұйымдастырылады. Тренингтің контентін жақсарту үшін 5 минут уақытыңызды бөліп, бірнеше сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз: https://bit.ly/3jOFJOm

Жобаны қолдаған – CFLI (Canada Fund for Local Initiatives). Қосымша ақпарат үшін: snezhana.tsoy@medianet.kz
#CFLI