Медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитеті – дауыс беру басталды

Медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитеті – дауыс беру басталды

Құрметті журналистер!

Қазақстандағы алғашқы Медианың өзін-өзі реттеу қоғамдық комитетін құруға үміткерлерден өтінім жинау аяқталды. Редакциялар, қоғамдық ұйымдар, жоғары оқу орындары өз кандидаттарын ұсынды. Өзін-өзі ұсынған үміткерлер де бар.

Екінші іріктеу кезеңі – ашық дауыс беру басталады. Бұл туралы осы комитетті құру жөніндегі бастамашыл топ – «Қазақстанның медиа желісі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі өкілдері хабарлады.

Кандидаттар тізімінде 17 адам бар. Оның 13-і – медиа саласы өкілі, 4-уі – азаматтық сектор өкілі (ақпараттық дауларды шешуде тәжірибесі бар заңгерлер, қоғам қайраткерлері). Оның ішінде қоғам ашық дауыс беру арқылы 9 адамды сайлайды (барлық кандидат лауазымы мен регалиясы көрсетілген тізім құжат соңында берілген).

Медиа: Жұлдыз Әбділда, Оразай Қыдырбаев, Руслан Никонович, Қанат Сахария, Светлана Офицерова, Риза Исаева, Руслан Бахтыгареев, Мейрамхан Жәпек, Ербол Азанбек, Азамат Ахметов, Ирина Тетерина, Ержан Сүлейменов, Әбдіхалық Олжас.

Азаматтық сектор: Темірлан Төлегенов, Диана Окремова, Бағлан Мақұлбеков, Ольга Чебакова

Мына сілтемені басып дауыс беруге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSclQ-yhdYDEdzvMzSZiz3Azixp7VrC8mP3v9I6K8tGk3e0UFw/viewform 

Дауыс беру қалай өтеді?

Қоғамдық комитет құрамына 9 адам кіреді. Әр сайлаушы екі маманнан – біреуін «медиа» саласынан, біреуін «азаматтық сектордан» сайлайды.

Дауыс беру 22 шілде, бейсенбінің түн ортасына дейін жалғасады. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 24.00-ден кеш берілген дауыстар есепке алынбайды.

23 шілдеде жиналған дауыстардың көпшілігі негізінде Қоғамдық комитетті ұйымдастыру жөніндегі бастамашыл топ ең жоғары балл жинаған 9 адамды анықтайды. Оның ішінде 6 адам «медиа» номинациясы бойынша, 3 адам «қоғамдық ұйымдар» номинациясынан анықталады.

Қоғамдық комитет қалай жұмыс істейді?

Медианың өзін-өзі реттеу ұйымдары әлемнің көптеген елінде бар. Бұл қоғамдық бастама, диалог алаңы, онда эксперттер белгілі бір БАҚ-тың немесе журналистің іс-әрекетіне қатысты шағымдармен айналысады. Даулы жағдайды бағалау үшін соттан гөрі эксперттерге бару жеңілірек екенін әлем тәжірибесі көрсетіп отыр.

Қазақстанның қоғамдық комитеті жұмысында Медианың негізгі принциптерін басшылыққа алады. Комитеттің міндеті – дауларды сотқа дейін шешу, кәсібилікті арттыру, медиа-бедел институтын құру. Жұмыс принциптері туралы толығырақ «Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитеті туралы» ережесінен оқуға болады.

 

Өзін-өзі реттеу қоғамдық комитетіне үміткерлер тізімі («Медиа»):

1 Жұлдыз Әбділда, «Ұлан» газеті бас редактордың орынбасары/ заместитель главного редактора газеты «Ұлан»
2. Светлана Офицерова, “Учительская плюс” газетінің бас редакторы, Қостанай/ главный редактор газеты “Учительская плюс”, Костанай
3. Канат Сахария, «MEDIA HOLDING «ATAMEKEN BUSINESS» ЖШС-нің басдиректоры/ Генеральный директор TOO «MEDIA HOLDING “ATAMEKEN BUSINESS»
4 Ержан Сүлейменов, қазақстандық медиа продюсер және тренер/ казахстанский медиа продюсер и тренер
5. Руслан Никонович, “Жаңа FM” радиосы және “Новое телевидение” телекомпаниясының бас редакторы/Главный редактор ТК “Новое Телевидение” и радио “Жаңа FМ”
6 Риза Исаева – KIMEP-тің журналистика магистрі/ магистр журналистики KIMEP
7 Ирина Тетерина, Журналист, “Informburo.kz”  бас редакторының орынбасары болып қызмет еткен/журналист, была заместителем главного редактора «Informburo.kz»
8. Мейрамхан Жәпек – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ҰҒО АҚ қоғаммен байланыс бөлімі басшысы/ Руководитель отдела по связям с общественностью АО НПЦ «Тіл қазына» им. Ш.Шаяхметова
9. Әбдіхалық Олжас, «Жаңа Түркістан» газетінің бас редакторы, главный редактор газеты «Жаңа Түркістан»
10. Руслан Бахтыгареев, «Время» газеті бас редакторының орынбасары/заместитель главного редактор газеты «Время»
11. Ербол Азанбек, «Kaspi Bank» АҚ БАҚ-пен байланыс басқармасының басшысы, журналист, медиаэксперт/Медиаэксперт, журналист, руководитель управления по связям со СМИ АО «Kaspi Bank»
12 Азамат Ахметов – Павлодар мемлекеттік университетінің әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат кафедрасы түлегі/ выпускник кафедры  социальных наук, журналистики и информации Павлодарского госуниверситета
13 Оразай Қыдырбаев, SDU университетінің аға оқытушысы, медиа зерттеушісі/ старший преподаватель SDU, исследователь медиасферы

 

 

Үміткерлер тізімі, «азаматтық сектор» болгы, басқа да шығармашылық мамандары, заңгерлер:

1. Темірлан Төлегенов, авторлық құқық бойынша эксперт/ Темирлан Тулегенов, эксперт по авторскому праву
2. Бағлан Мақұлбеков – отставкадағы судья/  cудья в отставке
3. Диана Окремова – Құқықтық медиа орталық директоры / Директор Правового медиа центра,
4 Ольга Чебакова – “Волонтеры Кызылорды”  қоғамдық қорының жетекшісі / руководитель общественного фонда «Волонтеры Кызылорды»

 

 

БАЙЛАНЫС:

Жоба жетекшісі Ольга Настюкова +7-707-7000-439

Телефон: +7 777 213 13 67 Бақтыгүл Бурбаева

Email: media.principles.kz@gmail.com