МедиаМектеп енді Астанада!

МедиаМектеп енді Астанада!

MediaNet Халықаралық Журналистика Орталығы жанындағы МедиаМектеп Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің және КАЗГЮУ Университетінің қолдауымен Астанада ашылмақ.

Назар аударыңыз!

МедиаМектептің алғашқы тегін курсының қатысушысы болу үшін байқауға қатысу қажет. Бұл үшін қатысуға ниет білдірушілер «Мен не үшін МедиаМектепте оқығым келеді» тақырыбында мотивациялық хат жазып, оны әлеуметтік желідегі парақшасында наурыздың 14-27 күндері #mediaschoolMN  хештегімен жариялауы аралығында  керек. Жеңімпаздар тізімі 30 наурызда жария етіледі.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

– медиа саласында жұмыс істеуге ниеті бар,

– 16 жастан жоғары,

– кешкі уақытта сабаққа қатысуға мүмкіндігі бар,

– әлеуметтік желідегі мотивациялық хат жарияланған парақшаның ашық болуы.

Мәтінге қойылатын талап:

– мотивациялық хат мәтінінің таңбасы 3 мыңнан аспауы тиіс,

– мәтін ешқайда бұрын жарияланбаған түпнұсқа болуы шарт.

МедиаМектеп – бұл 3 ай аралығында журналист кәсібінің практикасын барынша үйрену, ірі БАҚ-тардан  тәжірибеден өту. МедиаМектеп оқытушылары кәсіби журналист ретінде қалыптасқан, бұқаралық ақпарат құралдарының түрлі салаларында жұмыс істейтін мықты мамандар. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

МедиаМектеп 2004 жылы құрылған, негізгі орталығы Алматы қаласында орналасқан. 13 жыл аралығында МедиаМектеп 900 астам журналисті дайындады. Қазір МедиаМектептің бұл түлектері журналистиканың түрлі саласында редактор, жүргізуші, продюсер және тағы басқа маман ретінде қызмет етуде.

Астанадағы МедиаМектептің ресми ашылуы сәуір айында болады. Ашылу рәсімінің нақты күні  байқау жеңімпаздары анықталған соң белгілі болады. 

Қосымша ақпарат алу үшін жоба үйлестірушілеріне хабарласыңыздар:  Алена Субботина +7 705 27 84 400, Қаламқас Толымбекқызы +7 701 720 8803

Бізді қолдағандар Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі және КАЗГЮУ Университеті.

Жобаны жүргізуші MediaNet Халықаралық журналистика орталығы.