
Конрад Аденауэр атындағы Қордың жұмысының басты ұстанымдары еркіндік, әділдік және ынтымақтастық болып табылады. Конрад Аденауэр атындағы Қор саяси қор болып саналады, бұл ұйым негізгі тұжырымдары бойынша ГФР-ның жетекші партияларының бірі – Христиандық-Демократиялық Кеңеспен (ХДК) жақын тұр.
Конрад Аденауэр атындағы Қордың басым бағыттары болып келесілер табылады:
- Саясат және БАҚ
- Жергілікті өзін-өзі басқару
- Саяси білім
Қазақстандық ЖОО-дарының студенттеріне арналған жергілікті гранттардың Sur-Place бағдарламасы 2007 жылдан бері Қазақстанның жас элитасын қолдап келеді, осылайша ол демократияландыру процесі мен азаматтық қоғамның құрылуына үлес қосып жатыр.

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы – 2004 жылы бір топ қазақстандық журналистердің күшімен құрылған коммерциялық емес сипаттағы үкіметтік емес ұйым. Ақпарат айдындында белсенді жұмыс жасап келе жатқан он төрт жыл ішінде ұйым жүзден астам жобаны жүзеге асырды. Осы уақыт ішінде MediaNet 200-ден астам ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе жұмыс істеді.
MediaNet Халықаралық журналистика орталығының негізгі жұмыс бағыттары: медиа саласында білім алуды дамыту, медиа-сала мамандарын дайындау, БАҚ пен қоғам арасында тиімді байланыс орнату, қоғамдық пікірді және сарапшылар болжамын зерттеу және т.б.
Ұйымның жүзеге асырған және жүзеге асырып жатқан жобалары:
– Медиа-Мектеп – 2005 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп келе жатқан тәуелсіз журналистика мектебі. Осы уақытқа дейін мектепті мыңдаған адам бітірді. Олардың көбі қазір медиа саласының сапалы мамандары: журналистер, редакторлар және қоғаммен байланыс саласының майталмандары.
– «Қазақстандағы практикалық журналистика» (үш рет басылған) – журналистер, заңгелер, PR саласының мамандарынан тұратын он сегіз автор дайындаған оқу құралы. Оқулық Қазақстан бойынша көптеген жас журналистер үшін негізгі көмекші құралға айналды.
– DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы – өзекті тақырыптар бойынша тез арада Қазақстан азаматтарының пікірін анықтауға арналған.
– «Қазақстандық ҮЕҰ анықтамалығы» – Қазақстанда жұмыс жасап жатқан 640-қа жуық белсенді қоғамдық ұйымдар жайлы ақпараттан тұратын жинақ.
– «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA» атты жыл сайын өткізілетін Орталық Азия форумы 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Форум – Еуропа және Орта Азия елдері сарапшыларының пікірі талқыға түсетін алаң деп есептеледі.
– Internet4U – интернет және бизнес сауаттылықты арттыруға арналған тегін курстар. Жоба әдіснамасы еуропалық тәжірбиеге сүйене отырып жасалған.
– factcheck.kz – маңызды ақпараттар мен деректерді, пікірлерді растығын тексеруге арналған Қазақстандық және Орталық Азиялық тұңғыш фактчекингтік ресурс
Сонымен қатар, MediaNet әртүрлі семинарлар мен тренингтер өткізеді. Олар: Ақпаратты визуализациялау, мультимедиалық журналистика, журналистік зерттеу, экологиялық журналистика, тележурналистика, журналистік этика және т.б. «Қазақстандағы Парламенттік журналистика» және «ҮЕҰ, БАҚ және мемлекеттік мекемелер: тиімді байланыс орнатудың кілті» атты практикалық нұсқаулықтар, «ЖОО-да медиалық құқықты оқыту», «Экологиялық журналистика» сынды бірнеше кітаптар MediaNet халықаралық журналистика орталығына тиесілі.
Қазіргі таңда MediaNet халықаралық журналистика орталығы қоржынында журналистер, блогерлер, ҮЕҰ, мемлекеттік мекемелер мен халықаралық ұйымдар өкілдеріне арналған 150-ден астам жоба бар.

Жергілікті журналистер желісімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, үкіметпен және азаматтық қоғам сарапшыларымен қызмет істей отырып, Офис қазақстандық медиа-заңнаманы кеңінен қоғамдық талқылауды ынталандырады және оны реформалау жөніндегі үкіметтің күш салуын қолдайды. Сонымен қатар, Офис экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті, адам құқықтарын, БАҚ-та терроризмді жариялау этикасын, журналистік тергеулерді және жаңа техникалық құралдарды пайдалануды қоса алғанда, әртүрлі мәселелер бойынша журналистер үшін оқу курстарын өткізеді.