InternetCA-2020

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы – 2004 жылы бір топ қазақстандық журналистердің күшімен құрылған коммерциялық емес сипаттағы үкіметтік емес ұйым. Ақпарат айдындында белсенді жұмыс жасап келе жатқан он төрт жыл ішінде ұйым жүзден астам жобаны жүзеге асырды. Осы уақыт ішінде MediaNet 200-ден астам ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе жұмыс істеді.

MediaNet Халықаралық журналистика орталығының негізгі жұмыс бағыттары: медиа саласында білім алуды дамыту, медиа-сала мамандарын дайындау, БАҚ пен қоғам арасында тиімді байланыс орнату, қоғамдық пікірді және сарапшылар болжамын зерттеу және т.б.

Ұйымның жүзеге асырған және жүзеге асырып жатқан жобалары:

– Медиа-Мектеп – 2005 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп келе жатқан тәуелсіз журналистика мектебі. Осы уақытқа дейін мектепті мыңдаған адам бітірді. Олардың көбі қазір медиа саласының сапалы мамандары: журналистер, редакторлар және қоғаммен байланыс саласының майталмандары.

– «Қазақстандағы практикалық журналистика» (үш рет басылған) – журналистер, заңгелер, PR саласының мамандарынан тұратын он сегіз автор дайындаған оқу құралы. Оқулық Қазақстан бойынша көптеген жас журналистер үшін негізгі көмекші құралға айналды.

– DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы – өзекті тақырыптар бойынша тез арада Қазақстан азаматтарының пікірін анықтауға арналған.

– «Қазақстандық ҮЕҰ анықтамалығы» – Қазақстанда жұмыс жасап жатқан 640-қа жуық белсенді қоғамдық ұйымдар жайлы ақпараттан тұратын жинақ.

– «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA» атты жыл сайын өткізілетін Орталық Азия форумы 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Форум – Еуропа және Орта Азия елдері сарапшыларының пікірі талқыға түсетін алаң деп есептеледі.

– Internet4U – интернет және бизнес сауаттылықты арттыруға арналған тегін курстар. Жоба әдіснамасы еуропалық тәжірбиеге сүйене отырып жасалған.

– factcheck.kz – маңызды ақпараттар мен деректерді, пікірлерді растығын тексеруге арналған Қазақстандық және Орталық Азиялық тұңғыш фактчекингтік ресурс

Сонымен қатар, MediaNet әртүрлі семинарлар мен тренингтер өткізеді. Олар: Ақпаратты визуализациялау, мультимедиалық журналистика, журналистік зерттеу, экологиялық журналистика, тележурналистика, журналистік этика және т.б. «Қазақстандағы Парламенттік журналистика» және «ҮЕҰ, БАҚ және мемлекеттік мекемелер: тиімді байланыс орнатудың кілті» атты практикалық нұсқаулықтар, «ЖОО-да медиалық құқықты оқыту», «Экологиялық журналистика» сынды бірнеше кітаптар MediaNet халықаралық журналистика орталығына тиесілі.

Қазіргі таңда MediaNet халықаралық журналистика орталығы қоржынында журналистер, блогерлер, ҮЕҰ, мемлекеттік мекемелер мен халықаралық ұйымдар өкілдеріне арналған 150-ден астам жоба бар.

 

 
Жергілікті журналистер желісімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, үкіметпен және азаматтық қоғам сарапшыларымен қызмет істей отырып, Офис қазақстандық медиа-заңнаманы кеңінен қоғамдық талқылауды ынталандырады және оны реформалау жөніндегі үкіметтің күш салуын қолдайды. Сонымен қатар, Офис экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті, адам құқықтарын, БАҚ-та терроризмді жариялау этикасын, журналистік тергеулерді және жаңа техникалық құралдарды пайдалануды қоса алғанда, әртүрлі мәселелер бойынша журналистер үшін оқу курстарын өткізеді.

 

 

 

 

 

 

Пандемиядағы интернет рөлінің трансформациясы

 

Алматыда 11-13 қараша күндері сағат 14.00 мен 17.30 аралығында (Алматы уақыты)

“InternetCA-2020 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” атты XI аймақтық интернет-форумыалғаш рет онлайн өтуде.

 

InternetCA-2020 тақырыбы: Індет кезіндегі интернет. Пандемиядағы интернет рөлінің трансформациясы.

 

2020 жыл Қазақстан үшін де, әлем үшін де коронавирус пандемиясы аясында өтті, бұл –күнделікті өмірде, соның ішінде азаматтық қоғам институттарына бұрын-соңды болмаған қиындықтар және онлайн-форматқа көшу қажеттілігімен ерекшеленді.

 

Осы жылдың көктемінде жарияланған Төтенше жағдай азаматтық құқықтар мен саяси бостандықтардың сақталуына, ең алдымен, сөз бостандығына, әділ сот талқылауына, азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне және жеке өміріне әсер етті.

 

Ақпаратқа қол жеткізуде, әсіресе журналистер мемлекеттік органдар үшін ыңғайсыз ақпарат сұрағанда қиындықтар туындады. Осындай жағдайда ақпараттың басым бөлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ойлап табылып, таратыла бастады.

 

Алайда, ақпаратты тұтыну және тарату кезінде аудитория көбіне сыни тұрғыдан ойламайды, көбінесе эмоционалды жауап береді, логикалық емес, манипулятивті немесе жалған ақпаратты қабылдап, оны өңдеп, ақпараттық фонды әрі қарай бұрмалайды.

 

Осы мәселелер форумның тақырыбын және талқылаудың негізгі бағыттарын анықтады: құқықтарды құрметтеу, сот төрелігіне қол жетімділік, пандемия кезінде ақпаратқа қол жеткізу, цифрлық құқықтар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дезинформация мен фейктерге қарсы тұру.

 

Форумның спикерлері – Қазақстан, Беларусь, Украина, АҚШ, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сарапшылары.

 

Форум бағдарламасы мына сілтемеде: https://medianet.kz/wp-content/uploads/2020/11/БАҒДАРЛАМА-XI-InternetCA-2020-Орталық-Азиядағы-интернет-саласының-дамуы-атты-аймақтық-интернет-форумы.pdf

 

Форумды дәстүрлі түрде  MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырады.

 

 

 

Сұрағыңыз қалды ма, хабарласыңыз: :

Алёна Кошкина, Думан Смаков, тел. +7 727 292 20 46, +7 747 987 98 79

medianet.internetca@gmail.com

 
 

Форумның суреттерін мына жерден көре аласыздар. 

«Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA-2019» Орталықазиялық интернет форумы

Жыл сайын өткізілетін «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA-2019» атты Орталық Азия форумы 2020 жылы он бірінші рет сарапшылардың басын қоспақшы. Іс-шараны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің демеушілігімен ұйымдастыруда. Форумда Еуропа, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан, Ресей, Украина, Сингапур, Индия, Түркиядан келген сарапшылар өз аймақтарындағы ғаламтордың мүмкіндіктері мен өзекті мәселелері жайлы ой-пікірлерімен және тәжірибесімен бөліседі.

Форумның негізгі тақырыптары өзгеріп отырады: ақпараттық қауіпсіздік, желіні реттеу т.б.

Биылғы InternetCA тақырыбы: «Індет кезіндегі интернет. Пандемиядағы интернет рөлінің трансформациясы»

Он бір жыл ішінде форум Еуропа елдері, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан, Ресей, Украина, Сингапур, Индия, Түркиядан мың жарымға жуық сарапшылар, қоғамдық және халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінің, журналистер, блогерлер, ғалымдар, депутаттар, дипломаттар және заңгерлердің басын қосты.

Іс-шарада Интернет дамуына қатысты құқықтық, саяси және әлеуметтік тақырыптар козғалады.

Форум қазақ және орыс тілдерінде (ілеспе аударма көмегімен) өткізіледі.