Internet4U

«Ғаламтор Сіз үшін» жобасы – жасы мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлық азаматтардың компьютерлік сауаттылығын арттыру мен интернетті меңгеруіне көмек беруге арналған әлеуметтік жоба. Жобаның мақсаты – компьютермен жұмыс жасауға үйрету арқылы, Интернетті меңгеруіне жәрдем беру арқылы қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайын  арттыру.

Қатысушылардың алғашқы білімін ескере отырып, курс үш деңгейде  ұйымдастырылады.

1. Негізгі курс – компьютер және интернетте жұмыс жасаудың алғашқы қадамдары. Бұл блокта  компьютер құрылғыларымен танысу, терезелермен жұмыс, ғаламтормен жұмыс, MS Word редакторымен жұмыс секілді тақырыптардан тұрады. Бұл топқа кез келген жастағы адам қатыса алады. Бұл деңгейде компьютерді қосудан бастап үйретіледі.

3. Орташа деңгей компьютермен жұмыс жасай алатын адамдарға арналған. Бағдарлама күнделікті өмірге қажетті түрлі бағдарламалар мен сервистерден тұрады. Бұл топқа кез келген жастағы адам қатыса алады.

4. Бизнес. Бұл курс шағын бизнес өкілдеріне арналған. Бизнес пен қаржылық сауаттылықты арттыру үшін интернетті пайдалану жолдары оқытылады. Тақырыптары: қаржылық сауаттылық, интернеттегі жарнама, бухгалтерлік есеп және сайт жасау т.б.