InternetCA-2019

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы – 2004 жылы бір топ қазақстандық журналистердің күшімен құрылған коммерциялық емес сипаттағы үкіметтік емес ұйым. Ақпарат айдындында белсенді жұмыс жасап келе жатқан он төрт жыл ішінде ұйым жүзден астам жобаны жүзеге асырды. Осы уақыт ішінде MediaNet 200-ден астам ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе жұмыс істеді.

MediaNet Халықаралық журналистика орталығының негізгі жұмыс бағыттары: медиа саласында білім алуды дамыту, медиа-сала мамандарын дайындау, БАҚ пен қоғам арасында тиімді байланыс орнату, қоғамдық пікірді және сарапшылар болжамын зерттеу және т.б.

Ұйымның жүзеге асырған және жүзеге асырып жатқан жобалары:

– Медиа-Мектеп – 2005 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп келе жатқан тәуелсіз журналистика мектебі. Осы уақытқа дейін мектепті мыңдаған адам бітірді. Олардың көбі қазір медиа саласының сапалы мамандары: журналистер, редакторлар және қоғаммен байланыс саласының майталмандары.

– «Қазақстандағы практикалық журналистика» (үш рет басылған) – журналистер, заңгелер, PR саласының мамандарынан тұратын он сегіз автор дайындаған оқу құралы. Оқулық Қазақстан бойынша көптеген жас журналистер үшін негізгі көмекші құралға айналды.

– DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы – өзекті тақырыптар бойынша тез арада Қазақстан азаматтарының пікірін анықтауға арналған.

– «Қазақстандық ҮЕҰ анықтамалығы» – Қазақстанда жұмыс жасап жатқан 640-қа жуық белсенді қоғамдық ұйымдар жайлы ақпараттан тұратын жинақ.

– «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA» атты жыл сайын өткізілетін Орталық Азия форумы 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Форум – Еуропа және Орта Азия елдері сарапшыларының пікірі талқыға түсетін алаң деп есептеледі.

– Internet4U – интернет және бизнес сауаттылықты арттыруға арналған тегін курстар. Жоба әдіснамасы еуропалық тәжірбиеге сүйене отырып жасалған.

– factcheck.kz – маңызды ақпараттар мен деректерді, пікірлерді растығын тексеруге арналған Қазақстандық және Орталық Азиялық тұңғыш фактчекингтік ресурс

Сонымен қатар, MediaNet әртүрлі семинарлар мен тренингтер өткізеді. Олар: Ақпаратты визуализациялау, мультимедиалық журналистика, журналистік зерттеу, экологиялық журналистика, тележурналистика, журналистік этика және т.б. «Қазақстандағы Парламенттік журналистика» және «ҮЕҰ, БАҚ және мемлекеттік мекемелер: тиімді байланыс орнатудың кілті» атты практикалық нұсқаулықтар, «ЖОО-да медиалық құқықты оқыту», «Экологиялық журналистика» сынды бірнеше кітаптар MediaNet халықаралық журналистика орталығына тиесілі.

Қазіргі таңда MediaNet халықаралық журналистика орталығы қоржынында журналистер, блогерлер, ҮЕҰ, мемлекеттік мекемелер мен халықаралық ұйымдар өкілдеріне арналған 150-ден астам жоба бар.

 

Конрад Аденауэр атындағы Қордың жұмысының басты ұстанымдары еркіндік, әділдік және ынтымақтастық болып табылады. Конрад Аденауэр атындағы Қор саяси қор болып саналады, бұл ұйым негізгі тұжырымдары бойынша ГФР-ның жетекші партияларының бірі – Христиандық-Демократиялық Кеңеспен (ХДК) жақын тұр. Тұңғыш неміс канцлері және ХДК-тің тең құрылтайшысы Конрад Аденауэр (1876 – 1967) христиандық-әлеуметтік, консервативтік және либералды дәстүрлердің басын қосты. Оның есімі Германияда орын алған көптеген демократиялық қайта жаңғырулармен, трансатланттық қауымдастықтың сыртқы саяси құндылықтарының нығаюымен, еуропалық ауызбіршілік пен әлеуметтік нарықтық экономикаға баса назар аударуымен тығыз байланысты. Оның артында қалдырған рухани мұрасы – біз үшін әрі міндет, әрі мақсат.

Халықаралық әріптестікте біз адамдардың өз беттерінше еркіндік пен құндылық жағдайында өмір сүруіне ұмтыламыз. Біз Германияның әлем алдындағы жауапкершілігінің артуын мойындауына айтарлықтай үлес қосып келе жатырмыз.

Біз осындай болашақта құру жолында адамдардың санасын оятамыз. Бүкіл әлем бойынша жұмыстар атқарып жатқан 70-тен астам өкілдік пен 120-дан астам елде жүзеге асырылып отырған жобалар демократияның, құқықтық мемлекеттің және әлеуметтік нарықтық экономиканың дамуына үлесін қосып келе жатыр. Бейбітшілік пен еркіндікті қамтамасыз ету мақсатында біз тұрақты түрде қауіпсіздікті сақтауға және мәдениеттер, діндер арасындағы қарым-қатынасқа бағытталған сыртқы саясат диалогын жүргізіп отырамыз.

Біздің жұмыстың өзегі – қайталанбас қасиеттері, құқығы және міндеттері бар тұлға. Ол – біз үшін әлеуметтік әділдіктің, еркін демократияның және қуатты басшылықтың негізі. Ортақ жауапкершілігін түсінетін адамдардың басын қоса отырып, біз саясатта, экономикада және қоғамда белсенді түрде жұмыс істейтін байланыстарды дамытамыз. Біздің саяси менеджментік біліміміз әлеуметтік тұрғыдан алғандағы әділ, экологиялық бекем және экономикалық тиімді жаһандану жолында оңтайлы дүниелерге мүмкіндік беруде. Біз азаматтық қоғам ұйымдарымен, университеттермен, саяси партиялармен және жекелеген элиталармен жұмыс жасаймыз. Өзіміздің мақсаттарымыз бен жетекші құндылықтарымыз арқылы біз болашақта аймақтық және жаһандық саяси әріптестікке, әсіресе саяси даму саласына баса назар аударғымыз келеді. Әріптестерімізбен бірге біз әр елге еркіндік пен дербестік жағдайында дамуға мүмкіндік беретін халықаралық тәртіптің орнауына ат салысып отырмыз.

Конрад Аденауэр атындағы Қордың басым бағыттары болып келесілер табылады:

  • Саясат және БАҚ
  • Жергілікті өзін-өзі басқару
  • Саяси білім

Қазақстандық ЖОО-дарының студенттеріне арналған жергілікті гранттардың Sur-Place бағдарламасы 2007 жылдан бері Қазақстанның жас элитасын қолдап келеді, осылайша ол демократияландыру процесі мен азаматтық қоғамның құрылуына үлес қосып жатыр.

 
Жергілікті журналистер желісімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, үкіметпен және азаматтық қоғам сарапшыларымен қызмет істей отырып, Офис қазақстандық медиа-заңнаманы кеңінен қоғамдық талқылауды ынталандырады және оны реформалау жөніндегі үкіметтің күш салуын қолдайды. Сонымен қатар, Офис экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті, адам құқықтарын, БАҚ-та терроризмді жариялау этикасын, журналистік тергеулерді және жаңа техникалық құралдарды пайдалануды қоса алғанда, әртүрлі мәселелер бойынша журналистер үшін оқу курстарын өткізеді.

 

 

 

 

 

 

Цифрлы сауаттылық – InternetCA-2019 форумының басты пікірталас векторы

 

АЛМАТЫ. 30-31 мамыр 2019 жыл. Алматыда 30-31 мамыр күндері “InternetCA-2019 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” атты аймақтық интернет-форумы өтуде. Оныншы форумның тақырыбы: «Цифрлық сауаттылық: кәсіби құзырет, қауіпсіздік және тұтыну»

БАҚ контентін қалыптастырудағы мемлекет рөлінің үстемділігін ескерсек, Орталық Азияның тұрғындары сөз бостандығының дәстүрлі БАҚ-та жоқ екенін жиі айтады және сол себептен де  әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге ауысуға мәжбүр. Бұл медиа-тұтыну сапасына айтарлықтай әсерін тигізіп, дезинформация және оны ретрансляциялау көлемін арттырады.

Азаматтар өздерінің сөз бостандығына деген онсыз да шектеулі құқығының бар екенін білсе де, оны жиі пайдаланбайды. Кейбір жағдайларда тексерілмеген немесе заңға қайшы, арандатушылық ақпаратты таратып жатады. Және бұны сөз бостандығымен де байланыстырады.

Түрлі зерттеу қорытындылары бойынша Қазақстандағы 18 бен 55 жас аралығындағы тұрғындардың 70% -ы әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады. Ал көршілес Қырғызстандағы қала халқының шамамен  60%-ы — әлеуметтік желілердің пайдаланушылары.

Оныншы форумның тақырыбы мен талқыланатын мәселелерін таңдау барысында осы жағдайларға баса назар аударылды. Атап айтсақ, цифрлық дәуірдегі баспасөз бостандығы, медиа-трендтер, БАҚ-қа төнетін қауіптер мен қатерлер; дезинформацияға, пропагандаға, ксенофобияға және өшпенділік тіліне қарсы іс-қимыл; медиасауаттылық және цифрлы қауіпсіздік; сайлау кампанияларының аудиторияны ақпараттандырудағы және әсер етудегі БАҚ рөлі және тағы да басқалары.

 

Томас Хельм, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры:  Медиасауаттылық – қазіргі таңда оқу, жазу және математика сияқты негізгі құзыреттіліктің бірі және цифрлы медиаға қол жеткізу мүмкіндігі аса маңызды. Алайда, мен маңыздылық туралы айтқанда, цифрлы, электрондық және баспаның қатар өмір сүруі жайында да екеніне тоқталғым келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлығының әлді және әлсіз тұстары бар және бұл еркін пікір алмасу үшін және медианың өмір сүруі үшін ауадай қажет.

 

InternetCA-2019 форумның спикерлері – Қазақстан, Германия, Чехия, Ресей, Беларусь, Украина, Сингапур, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан сарапшылары. Іс-шараға дәстүрлі түрде  журналистер, блогерлер, зерттеушілер, мемлекеттік мекемелер, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ өкілдері, заңгерлер, дипломаттар мен академиялық орта өкілдері қатысады.

2010 жылы (InternetCA форумының алғаш ұйымдастырған жылы) Қазақстандағы интернет-пайдаланушылардың саны 4,3 млн адам немесе  халықтың 27% болса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Интернетті пайдаланушылар саны үш есе өскен (81% және 14 млн.астам адам).

10 жыл ішінде InternetCA қатысушылары шамамен 2000 адамға жетті. Осы уақыт ішінде ғаламторды дамытудың өзекті мәселелері бойынша әлемнің 20 елінің сарапшылары үш жүзден астам баяндамалар, презентациялар мен мастер-кластар өткізілді.

 

Диана Дигол, ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі басшысының орынбасары: «Интернет талантты және зерек жандарға өзін-өзі көрсететін үлкен алаң құрып, халыққа шапшаң ақпарат тарату үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Әйтсе де, Интернет қауіпсіздікке және сөз бостандығы мен пікір бостандығы үшін елеулі қауіп-қатер төндіреді. Осы тұрғыда құқықтық реттеу механизмі жайлы білімнің болуы мен БАҚ-тың өзін-өзі реттеуі және интернетті БАҚ-қа теңестіру – өте маңызды»

Medianet халықаралық журналистика орталығы форумды дәстүрлі түрде  Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Офисі мен Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен өткізеді.


Қосымша ақпарат
:

Думан Смақов, Алёна Кошкина, medianet.smm@gmail.com  +7 702 629 2866, +7 747 987 9879

Форумның суреттерін мына жерден көре аласыздар. 

«Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA-2019» Орталықазиялық интернет форумы

Жыл сайын өткізілетін «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA-2019» атты Орталық Азия форумы 2019 жылы оныншы рет сарапшылардың басын қоспақшы. Іс-шараны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және Конрад Аденауэр атындағы Қор демеушілігімен ұйымдастырады. Форумда Еуропа, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан, Ресей, Украина, Сингапур, Индия, Түркиядан келген сарапшылар өз аймақтарындағы ғаламтордың мүмкіндіктері мен өзекті мәселелері жайлы ой-пікірлерімен және тәжірибесімен бөліседі.

Форумның негізгі тақырыптары өзгеріп отырады: ақпараттық қауіпсіздік, желіні реттеу т.б.

Биылғы InternetCA тақырыбы: «Цифрлық сауаттылық: кәсіби құзырет, қауіпсіздік және тұтыну»

Он жыл ішінде форум Еуропа елдері, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан, Ресей, Украина, Сингапур, Индия, Түркиядан мың жарымға жуық сарапшылар, қоғамдық және халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінің, журналистер, блогерлер, ғалымдар, депутаттар, дипломаттар және заңгерлердің басын қосты.

Іс-шарада Интернет дамуына қатысты құқықтық, саяси және әлеуметтік тақырыптар козғалады.

Форум қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (ілеспе аударма көмегімен) өткізіледі.