#Іспенкөрсет кампаниясының бастамашылары ҮЕҰ-ды өз жұмысы туралы тұрғындарды белсенді ақпараттандыруға шақырады

#Іспенкөрсет кампаниясының бастамашылары ҮЕҰ-ды өз жұмысы туралы тұрғындарды белсенді ақпараттандыруға шақырады

18 сәуірде Алматыда Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы қарапайым сөздермен түсіндіретін алғашқы #іспенкөрсет жобасының тұсаукесері өтті.

Кампанияның мақсаты – Қазақстандықтарға үшінші сектордың маңыздылығы туралы, сондай-ақ барлық азаматтардың қоғам өміріне белсенді қатысып, лайықты іс-әрекеттер жасай алатындығы туралы ақпарат беру. Белсенді азаматтық қоғам дамыған мемлекеттерде айрықша ерекшеліктерінің бірі болып есептеледі.

Бұл азаматтық қоғам идеяларын бірлесіп жасауының алғашқы тәжірибесі. #Іспенкөрсет жобасының бастамашылары барлық ҮЕҰ өкілдерін, еріктілерді, белсенділерді қоғамды өз жұмысы туралы белсенді және жүйелі түрде хабардар етуге шақырады.

Ресми деректер бойынша, 2018 жылдың 16 наурызына Қазақстанда 14 000-нан астам ҮЕҰ жұмыс істейді.

Жоба алдындағы жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, қазақстандықтардың 85% – ы ҮЕҰ дегеніміз не және олар немен айналысатынын білмейді. Сауалнамаға қатысқандардың 15% – ы ғана коммерциялық емес ұйымдар туралы естіген, бірақ олардың қызметінен хабардар емес.

Евгений Жовтис, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры:

– 2018 жылы 4500-ден астам азаматқа алғашқы құқықтық көмек көрсетілді. Құжатталмаған 1013 азаматқа жәрдемдесіп, құжаттарын қалпына келтірді. Пана іздеген 538 адамға және босқындарға да құқықтық көмек көрсетілді, соның ішінде 309-ы соттағы өкілдіктен өтті. Бюро өкілдіктері Қазақстанның 12 қаласында жұмыс істейді.

Томирис Жолдасова, Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі, ақпараттық бағдарламасының үйлестірушісі:

ҚЖАҚ жұмысы жастардың азаматтық белсенділігін дамытуға және жастар ұйымдарын қолдауға бағытталған. Жыл сайын ұйым шамамен 10 ірі жобаны жүзеге асырады: Zhas Camp, азаматтық білім беру мектебі, адам құқығы мектебі, тірі кітапханалар, адам құқығы бойынша кинокөрсетілімдер және т.б.. ҚЖАҚ  жобаларына шамамен 3 000 жастар қатысты.

Қоғамдық ұйымдар жұмысының маңызды бағыттарының бірі – ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау.

Камила Мергенбаева, «Психоаналитикалық қауымдастық» ҚБ-нің психологы:

– Қазіргі уақытта біз бірнеше әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудамыз – “тренинг кафесі” және “Ale Pub” тренинг-мейрамханасы. Біздің мақсатымыз — психоәлеуметтік ауытқуы бар адамдардың табыс табуы, әлеуметтік ортаға бейімделуі, оқуға мүмкіндік жасау.

Гульсум Семенова, “Мама Про” тренингтік орталығы

– Бүгін Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен “Мама Про” тренингтік орталығының бағдарламасы ерекше балалардың 80 анасын оқытты. Курстан өткеннен кейін біздің түлектер үлкен мотивация мен өзіне деген сенімділікті, сондай-ақ өзінің материалдық жағдайын жақсарғанын атап өтеді. Мысалы, курстың табысты түлектерінің арасында оңалту орталығы мен кейтеринг компаниясының негізін қалаушылар, кондитерлер, кулинарлар, фотографтар, тігіншілер, визажистер, скрапбукерлер және т.б. бар. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналардың өз жоспарларын іске асыруға және Қазақстанның басқа өңірлерінде осыған ұқсас орталықтар ашуға мүмкіндік жасай алатындығымыз өте қуантады.

#Іспенкөрсет жобасын MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен жүзеге асырады.

Қосымша ақпарат:

Алена Кошкина, a.o.koshkina@gmail.com, +7 747 9879879 (орыс тілінде)

Әсем Ілесбай, asemailes@gmail.com, +77027790064 (қазақ тілінде)